Жоба туралы
about-img

Жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстың нәтижелеріне ашық қол жеткізу мүмкіндігін беру мақсатында jerkarta.gharysh.kz геосервисі әзірленді.

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша 2022 жылдың басынан бері пайдаланбай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Осы жұмыстың жүйелі түрде іске асырылуына қоғамдық бақылауды жүргізу мақсатында «AMANAT» партиясының жанынан «Жер аманаты» республикалық және аймақтық комиссиялары құрылды.

Комиссияның жұмысында мемлекеттік меншікке қайтарылған жер учаскелерінің әрі қарай ұтымды бөлінуіне ерекше мән беріледі.

Ең алдымен жеке ауладағы малды бағу үшін жалпы пайдаланатын жайылымдарды беру арқылы қайтарылған жерлер ауыл халқының қажеттіліктерін өтейтін болады.

Қазірдің өзінде мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы 5,2 млн гектар жерде көрсетілген шаралар іске асырылуда.

Бұл ретте аталған геосервис іс-шаралардың ашық және анық болуын қамтамасыз етеді.

Геосервис мемлекетке қайтарылған әрбір жер учаскесіне мониторинг жүргізуге, оның орнын, шекарасын анықтауға, сондай-ақ жер алаңы мен меншік иесі немесе жер пайдаланушы туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

Қайтарылған жерлер мен олардың ұтымды бөлінуін бақылау еліміздің агроөнеркәсіптік әлеуетін дамытуға әсер етеді, жердің бүлінуі мен шөлге айналуына жол бермейді, жер ресурстары саласындағы мемлекеттік саясаттың ашықтығын қамтамасыз етеді.

FaLang translation system by Faboba